Біз туралы
Қобыланды кешені 2007 жылдың қыркүйек айында ашылды. Батырға арналған мазар дулыға пішіндес, биіктігі 16м 89см, диаметрі – 16м. Мазарға кірер есіктің алдына екі жақтан он-оннан 20 балбал тастарды бейнелейтін граниттен пирамида сияқты тастар қойылған.
Мазарды айналдыра шеңбер бойымен меңгір тастарды бейнелейтін әйнектен үшқырлы қылып жасап, жарықтандырылатын қондырғылармен жабдықталған 29 «меңгір» орнатылған. Мазардың оң жағында Қобыланды батыр заманында зиярат еткен «Қайрақ тас» деп аталып кеткен көне дәуірдің меңгір тасы бар. Сол жақта 2006 жылы батыр зиратына қойылған белгі тас орнатылған.
Толығырақ...