жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Бiз туралы

Ақтөбе облысының  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ММ «Қобыланды мемориалдық  кешен» МКҚК

Қобыланды кешені 2007 жылдың қыркүйек айында ашылды. Батырға арналған мазар дулыға пішіндес, биіктігі 16м 89см, диаметрі – 16м. Мазарға кірер есіктің алдына екі жақтан он-оннан 20 балбал тастарды бейнелейтін граниттен пирамида сияқты тастар қойылған. Мазарды айналдыра шеңбер бойымен меңгір тастарды бейнелейтін әйнектен үшқырлы қылып жасап, жарықтандырылатын қондырғылармен жабдықталған 29 «меңгір» орнатылған. Мазардың оң жағында Қобыланды батыр заманында зиярат еткен «Қайрақ тас» деп аталып кеткен көне дәуірдің меңгір тасы бар. Сол жақта 2006 жылы батыр зиратына қойылған белгі тас орнатылған. Оң жақта «меңгірлерден» ілегеріректе 1996 жылы ауыл тұрғындары батыр зиратының орнына қойған белгі тастар бар. «Меңгірлермен» шектелген шеңбердің сыртында, күнбатыс жақта, садақ пішінінде салынған музей ғимараты бар. Оның ұзындығы 114 м. Онда Қобыланды батырға арналған «Даңқ бөлмесі» бар. Ғимарат холлында лекциялар өткізетін орын бар, Мәдени іс – шаралар өткізіліп тұрады. Осы ғимараттың оң жағында әкімшілік және шаруашылық бөлмелер, дәретхана орналасқан. Мемориалдық кешен қалқан үстіне қойылған дулыға және оның жанына қойылған садақты бейнелейді. Кешен аумағы көгалдандырылған, аяқжол бойларына гүлзарлар жасалып егілген, аула ішіне түрлі ағаштар отырғызылған. Кешеннің жобасын жасаған архитектор Бек Ибраев, құрылысын жүргізген Ақтөбе қаласындағы «Интерстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

1906 жылы осы  жерге келген орыс  этнографы «Илецкая защитадан 40 км жерде Ойылға баратын күре жолдың бойында  Қобда өзенінің жағасында Қобыланды деген станцияда кірпіш сынықтарының үйіндісінен тұратын шағын дөң бар.Ол көне моланың орны. Кешен қорында 392 экспонаты бар. Экспонаттың барлығыда батырға арналып,арнайы тапсырыспен жасалған Батырға арналған Мемориалдық кешен – мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын..

«Қобыланды батыр» мемориалдық кешені туристер мен зияратшылардың қызығып келетін орнына айналды. Ашылғаннан бері мыңдаған экскурсанттар келуде..

Қобыланды кешеніне 2017 жылдың маусым айынан реконструкция жасалды.

Халықтың сұрауы бойынша 2018  Қобыланда батырдың ұрпағы, әйгілі меценат Серікжан Сейітжановтың қолдауымен кешен жанынан  11 орынды Сапар орталығы  (визит центр) салынған болатын. Алыстан келген қонақтарға қонуға, тамақтануға өте ыңғайлы. Құрылысы 2017 жылы басталып 2018 жылы  аяқталды. Сапар орталығы  280 шаршы метр. Материалы қызыл кірпіш, 11 адамға арналған. Ішінде 14 бөлме және оларға кір жуатын бөлме, асхана, екі бөлме дәретхана, екі жуынатын бөлме және VIP бөлме қарастырылған. Сапар орталығы электрлі пешпен жылытылады.

Директордың м.а Манашева Ақорын Аманғалиқызы, тел: 8705-398-17-86

Қор сақтаушы Манашева Ақорын Аманғалиқызы, тел: 8705-398-17-86

Кешен экскурсоводы Орынбасар Рахат Каирбекқызы, тел: 87711862079

2017 жыл 30 маусым кесенеге реконструкция жасалу сәті

Кешеннің қазіргі сәті

Визит центрдің қәзіргі сәті

1996 жылы қойылған белгі тас