2024 жылы Ақтөбе облысы әкімдігі мен Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырысымен шығарылған Қобыланды батыр жырының жетітомдық кітабы ауыл тұрғындарына, кешен қонақтарына, жалпы оқырман қауымға таныстырылды. Жыр кітабының таныстырылымында Қыпшақ руынан шыққан ұрпақтарының атынан Сұлтанбек Тәшкенбай мен кешен басшысы Аманжол Тастаев батыр бабамыздың ерлік жолдарының маңыздылығын, жас ұрпаққа патриоттық үлгі боларын, кітаптың жарық көруіне мұрындық болған облыс әкімдігіне, басқарма басшылығына және редакция алқасына алғысын айта келе, тұсауын кесті.
