Ағымдағы жылдың 3 мамырында дәстүр бойынша батыр бабамыздың Ақтөбе облысындағы ұрпақтары зиярат жасап, садақа беріп, сенбілік және кешен айналасын көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Көгалдандыру жұмыстары кезінде 100 түп ағаш және 1 000 дана көпжылдық гүл көшеттері отырғызылып, кешен ауласы сырланды. Батыр баба ұрпақтары аманшылық болса, келесі жылы да келуге уағдаласып, кешен қызметкерлері мен жұмысшыларына ризашылықтарын білдіріп, елдеріне аттанды.
