жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Қобда ауданы оқушылары Қобыланды батыр жырынан бақ сынады

2025 жылдың 22 мамырында Жиренқопа орта мектебінде, Қобда ауданы мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында Қобыланды батыр жырынан сайыс ұйымдастырылды. Аталған сайысқа 30 оқушы, жас ерекшелігіне байланысты 2 топқа бөлініп қатысты. Жарыстың мақсаты, өскелең ұрпақты қазақ халқының әдебиетімен сусындату, патриоттық тәрбиеге баулу болып табылады. Аталған сайыстың қорытындысы бойынша, оза шапқан жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар және жүлделі орындарға ілікпеген оқушыларға естелікке “Қобыланды мемориалдық кешенінің” картинасы табыс етілді.