жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

«АУЫЛ LIFE» ЖОБАСЫ - ҚОБДАДАҒЫ РУХАНИ САПАР

«Ауыл Life» жобасы – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жастарды ауылға тұрақтандыруға бағытталған нақты қадам.

Облыстық «Ауыл Life» жобасы жұмысшы жастар жылы аясында және Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен ауылдың рухани-әлеуметтік тірегін сақтау жөніндегі тапсырмаларын негізге ала отырып жүзеге асырылуда.

Қатысушылар алғашқы күннің екінші жартысында Қобда – Жиренқопа бағытына сапар шекті.
Қобыланды батыр мемориалдық кешенінде танымдық экскурсия өтті. Батыр рухына тағзым етіп, тарихпен қауышты. Сонымен қатар, ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылып, жастар шапшаңдық пен ұйымшылдық танытты.

Күннің нүктесін ашық аспан астындағы кино көрсетілімі қойды. Табиғат аясындағы жылы ортада күнді қорытындылап, жаңа достықтардың негізі қаланды.