Қобыланды батыр жырының жетітомдық кітабы оқушыларға таныстырылды. «Қобыланды батыр» жыры — қазақтың батырлық эпосының ең көрнекті үлгілерінің бірі. Бұл жырда халықтың ерлік, намыс, елдік пен отансүйгіштік туралы түсінігі көркем тілмен баяндалады. Жыр ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, бірнеше нұсқада бізге жетіп,соңғы басылымы үш тілде шығарылған болатын.
