"Тарих пен мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту" шағын гранттық конкурсының жеңімпазы «Tarih.kz: Ақтөбе тарихын бірге жаңғыртайық!» жобасының «Мәдени маршруттар» бөлімі аясында өңір жастары Қобда ауданындағы «Қобыланды батыр мемориалы» кешеніне экспедиция форматында барды. Іс-шара аясында өңір жастары батырдың кесенесі мен мұражайына барып, тың ақпарат алды.


