жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

«Қобыланды мемориалдық кешені» МКҚК 2023 жылғы жарты жылдық жазбаша есебі

Қазақ  халқының ұлт мақтанышына айналған, сонау Алтын Орда, Ноғай Ордасы дәуірінің көрнекті батыры Қобыланды бабамызға арналып салынған мемориалдық кешенге келуші легі аз емес.

«Қобыланды мемориалдық кешені» - күллі қазақ тарихында тұңғыш рет эпос қаһарманының аса биік, жалпыұлттық дәрежеде ұлықталуы; халық санасында ғасырлар бойы сақталып келе жатқан қаһарманға арналған, өзге елдер тарихында өте сирек кездесетін кешен; ұмыт бола бастаған дәуірлер тарихын жаңғыртып, бұдан бес ғасыр бұрын өмір сүрген тарихи тұлғаның нақтылауы.

Қаңтар айы Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына байланысты деректер,суреттер жиналып,келушілерге дәріс оқумен басталған болатын.

17-қаңтар «Қобыланды батыр»халық дастаны атты Қобыланды батыр үйірмесінің оқушыларына дәріс өтті.

5-ақпан  «Алаш қозғалысы және ұлт зиялылары»атты дөңгелек үстел өтіп,дәріс оқылды.

20-ақпан Қазақ батыры Махамбет Өтемісұлының туғанына 220-жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды.

7-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сыйынар ел Ана деген тәңірге» атты музей қызметкерлеріне әдеби сазды кеш өтті.

15-наурыз Социалистік еңбек ері Сүйіндік Мәкенұлы Есмағамбетовтің туғанына-85 жыл толуына орай дәріс өтті.

20-наурыз «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» Наурыз мейрамына арналған Жиренқопа ауылдық мәдениет үйінде концерт қойылып,киіз үй тігіліп көже таратылды.Адемі мәдени шара өтті.

                                                     

3-сәуір «Қазақ батырлар жыры»атты Мартук ауданының  оқушыларына эскурсия жүргізіліп, дәріс өткізілді.

27-сәуір Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Даңқ залында мәдени шара өтті.

28-сәуір «Жиренқопам туған жерім»атты ауыл оқушыларымен лекция оқылып,мәдени шара өтті.

4-мамыр «Ауғаныстан ардагерлеріне тағзым»атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

5-мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған «Ешкімде ештеңе ұмытпайды» атты тақырыпта салтанатты шеру өтті.

16-мамыр «Мұраты биік музей»атты Халықаралық музей күніне арналған мәдени шара өтіліп,музей қызметкерлері алғыс хатпен марапатталды.

25-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған дәріс оқылып слайд көрсетілді.

1-маусым  ҚР Мемлекеті рәміздеріне 31-жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер» атты оқушылар арасында өлең шумақтарын жатқа айту жарысы өтті.

15-маусым  Бұқар жыраудың туғанына 330-жыл. Жыршы туралы деректер  жинап келушілерге дәріс өткізілді.

22-маусым  «Халық батыры-Қобыланды» атты батырдың ұрпақтары келіп,сенбілік жұмыстары жүргізіліп, қан шығарылып, құран оқытылды. Мәдени шара өтті.